Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан шекарадағы жағдайға байланысты Қырғызстанға қарсы айып тақты

Қазақстан шекарадағы жағдайға байланысты Қырғызстанға қарсы айып тақты

Қордай. 10 маусым. 7kun.kz – Шекарадағы кезекке байланысты Қазақстан Қырғызстанға қарсы айып тақты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«ЕАЭО елдерімен шекарада тек шекаралық және экспорттық бақылау жүзеге асырылады, бұл ЕАЭО туралы шарттың негізгі қағидаттары мен нормаларына, сондай-ақ ұлттық заңнамаға қайшы келмейді. Көрсетілген шаралар жүк автокөлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірмейді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ақпанында тараптар арасында өзара саудада тасымалданатын жүкке арналған электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) пайдалану қажеттілігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Тараптардың фискалдық органдары бизнес субъектілері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндеттенді. Бұл ретте, ЭШФ пайдалану жөніндегі міндеттеме тараптардың заңнамаларында бекітілген. Алайда бұл келісімді Қырғыз Республикасының жөнелтушілері сақтамауда», – деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Қаржы министрлігінде мәлімдегендей, жүк тасымалдаушылардың айтуынша, көліктердің жиналу себебі – қырғыз тарапында шекарадан өту алдында тасымалданатын жүктерге құжаттарды ұзақ ресімдеу.

Сондай-ақ, ҚР Қаржы министрлігі шекарадағы өткізу пунктінде ҚР мемлекеттік кірістер органдарымен тексеру жұмыстары жүргізілмейтінін хабарлады.

Похожие материалы