Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан шекарасында 6 тәжікстандық жалған құжатпен ұсталды

Қазақстан шекарасында 6 тәжікстандық жалған құжатпен ұсталды

Алматы. 24 ақпан. 7kun.kz – Тәжікстанның алты азаматы Қазақстан аумағында уақытша тұруға ықтиярхат туралы жалған анықтамалар және Шекара қызметінің жалған мөрлері басылған төлқұжаттармен ұсталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

«2023 жылғы 22 ақпанда Алматы қаласының халықаралық әуежайында және Павлодар облысы «Шарбақты» өткізу пунктінде Тәжікстан Республикасының 6 азаматы ұсталды», – делінген хабарламада.

Ведомство хабарлауынша, олардан Қазақстан аумағында уақытша болуға рұқсат беру туралы жалған анықтамалар және Шекара қызметінің шекарадан өтті деген жалған мөртабан басылған төлқұжаттары анықталды.

Аталған азаматтарға қатысты тексеру шаралары жүргізілуде.

Похожие материалы