Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан шетелге 2,5 млрд долларға ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттады

Қазақстан шетелге 2,5 млрд долларға ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттады

Алматы. 30 желтоқсан. 7kun.kz — 2019 жылдың 10 айында Қазақстан шетелге 2,5 млрд долларға ауыл шаруашылық өнімдерін сатты. Бұл туралы ауыл шаруышылығы министрлігінде хабаралады.

"2019 жылдың қаңтар-қазан айларында ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының нақты көлемі 2,57 млрд долларды немесе нақты мәнде 9,8 млн тоннаны құрады. 2018 жылмен салыстырғанда экспорт 7,4%-ға өсті", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, министрлік экспортталған барлық өнімнің үштен бір бөлігі, яғни 859,2 млн долларды (33,4 %) отандық ауыл шаруашылығы шикізатынан өңделген дайын өнімдер құрағанын атап өтті.

Ақпаратқа сәйкес, тек осы жылдың қазан айында елімізден шет елдерге 102 млн долларыға дайын өнім сатылған.

Ауыл шаруашылығы шикізатынан өңделген дайын өнім экспортының ең үлкен үлесі ұн (30% - дан астам) және өсімдік майы (15%) сияқты тауарларға тиесілі. Ең көп сатылатын өнімдер қатарына сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер, шоколад, макарон және құс еті кіреді.

"Сонымен қатар, қазақстандық нарықты отандық өндірістік азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету көрсеткіштері 80 пайызды құрап отырғанын атап өту қажет. Тауарлардың кейбір түрлері бойынша Қазақстан жергілікті өнімдермен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Бірақ, алма, балық, шұжық өнімдері, ірімшік және сүзбе, қант және құс еттері сияқты тауар түрлерінен Қазақстан импортқа тәуелді", - деп түсіндірді ведомствода.

Похожие материалы