Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан сүт пен ет өндірісінің өсімінен ЕАЭО-та көш бастады

Қазақстан сүт пен ет өндірісінің өсімінен ЕАЭО-та көш бастады

Алматы. 26 қараша. 7kun.kz — Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірістің төмендегенін көрсетті, ал Еуразиялық экономикалық одақтың көптеген елдерінде өсім байқалады.

2019 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанда өндірілген ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2% төмендеді.

Сондай-ақ, Арменияда 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы мәліметтерге сәйкес, өндіріс 4,3% төмендеді.

ЕАЭО статистикасы бойынша, басқа елдерде өсім байқалады: Ресейде - 3,8%, Беларуссияда - 2%, Қырғызстанда - 1,8%.

Алайда жекелеген өнімдерді қарастырған кезде басқа жағдай қалыптасады. Мәселен, Қазақстан ет пен сүт өндіру бойынша ЕАЭО-да көшбасшы болып қалып отыр.

2019 жылдың қаңтар-қазан айларында елде 1,5 млн тонна мал мен құс еті өндірілді, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 5,5%-ға артық. Бұл өсім ЕАЭО елдері арасында ең жоғары болды.

Қырғызстанда мал мен құс етін өндіру 2,1% өсіммен 333,3 мың тоннаны құрады, Ресейде – 1,9% өсіммен 11,8 млн тоннадан астам.

Сонымен қатар, Беларусьте есепті кезеңдегі бұл көлем 1,3%-ға 1,4 млн тоннаға дейін, ал Арменияда қаңтар-қыркүйек айларындағы мәліметтерге сәйкес, 2,1%-ға 69 мың тоннаға дейін төмендеді.

Сүт өндірісіне келетін болсақ, осы сегментте де Қазақстан 3,2% өсіммен көшбасшысы болды. 10 айда елімізде 5,1 млн тоннадан астам өнім өндірілді.

Қырғызстанда сүт өндірісінің өсімі 2,3%-ды - 1,4 млн тоннаға дейін, Ресейде – 1,9%-ды - 26,7 млн тоннаға дейін, Беларусьте - 0,1%-ды - 6,2 млн тоннаға дейін құрады. Алайда, Арменияда 4,3%-ға, 574,9 мың тоннаға дейін төмендеу тіркелді.

Похожие материалы