Қазақстан тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі бойынша ЕАЭО елдерінен артта қалды
Алматы. 16 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың басқа елдеріне қарағанда құрылыс жұмыстарының көлемін арттырды. Алайда ел Одақта тұрғын үйді пайдалануға беруді қысқартқан жалғыз ел болды.
2019 жылдың қаңтар-шілдесінде Қазақстанда аяқталған құрылыс жұмыстарының көлемі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,5%-ға өсті. Бұл ЕАЭО-дағы ең үлкен көрсеткіш. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады.
Мәселен, Ресейде осы салада өсім 0,1%-ды, Беларусьте – 0,3%-ды құрады. Армения мен Қырғызстанда құрылыс жұмыстарының көлемі, керісінше, есепті кезеңде тиісінше 16,3%-ға және 0,4%-ға қысқарды.
Тұрғын үйді пайдалануға беруге келетін болсақ, Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша өсімнің 3,7% төмендегенін көрсеткен Одақтағы жалғыз ел болды.
Өз кезегінде Ресейде 2019 жылдың жеті айында тұрғын үйді пайдалануға беру өсімі 2018 жылдың жеті айымен салыстырғанда 7%-ды құрады. Қырғызстанда – 11%, Арменияда –8%, Беларусьте – 0,7%.