Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Түркиядан $1,7 миллиард инвестиция алады

Қазақстан Түркиядан $1,7 миллиард инвестиция алады

Алматы. 14 қыркүйек. 7kun.kz – Анкарада өткен Қазақстан-Түркия инвстициялық форумы аясында екі ел арасында инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақастық туралы 24 коммерциялық келісімге қол қойылды.

Түрік капиталының қатысуымен жобалар, әсіресе, ел экономикасының шикізаттық емес секторын дамытуға бағытталды. Бұдан өзге, олар 3000-нан астам жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.

«Бүгінде Түркия шетелдік қатысумен компаниялар саны бойынша екінші орынды иеленеді. Елімізде түрік компанияларының қатысуын кеңейту екі ел арасындағы капиталмен, үздік тәжірибемен және технологиялармен алмасуға ықпал ететін негізгі факторлардың бірі», — деп атап өтті Қазақстан–Түркия инвестициялық форумын ашқан ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А. Мамин.

Қазақстан мен Түркия компаниялары жалпы сомасы шамамен $1,7 млрд болатын 24 коммерциялық құжатқа қол қойды. Құжаттар түрлі инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған. Сонымен, мысалы, Жамбыл облысында жалпы сомасы $270 млн болатын, 350 жұмыс орнын құра отырып, металлургия, химия және шыны өнеркәсіптерінде пайдаланылатын кальций қосылған сода өндіретін зауыт салу жоспарланған.

Kazakh Invest және Eksen Group қол жеткізген уағдаластықтарға сәйкес түрік инвесторлары Алматы қаласында құны $300 млн болатын жаңа Downtown Almaty қаржылық, әлеуметтік, бизнес-орталығын салуды жоспарлауда. Downtown Almaty-да бизнес орталықтар, JW Marriott қонақүйі мен апартаменттер орналастырылады.

Түркістан облысының әкімдігі және DAL Holding 700 жұмыс орнын құра отырып, құны $200 млн болатын жылыту кешенін салу жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойды.

Бүгінде Қазақстанда Yildizlar SSS Holding, DAL Holding, Zorlu Holding, Calik Holding, Oyak Holding, Enprode және т.б. секілді ірі түрік компанияларының қатысуымен жаңа ірі жобалар іске асырылып жатыр. Бұл қазақстандық экономика үшін басым салаларда жұмыс істейтін жаңа түрік ТҰК мүдделілігінің артқанын көрсетеді.

Похожие материалы