Қазақстан. 6 шілде. 7kun.kz – Қазақстан Түркиямен кедендік келісімді ратификациялауға дайындалуда, деп хабарлайды 7kun.kz.
«2022 жылғы 10 мамырда Анкарада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісім ратификациялансын», – делінген заң жобасында.
Құжат авторларының айтуынша, «келісімшартты ратификациялау тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы электронды ақпарат алмасу арқылы кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру және мерзімдерін қысқарту мақсатында жүзеге асырылады. Соның нәтижесінде кедендік бақылау рәсімдерін жеңілдету және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдайларлар жасалады».