Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан үздік елдердің рейтингінде 68-ші орында

Қазақстан үздік елдердің рейтингінде 68-ші орында

Алматы. 24қаңтар. 7kun.kz – Әлемнің үздік елдерінің рейтингінде 80 елдің ішінде Қазақстан 68-ші орында тұр, - деп хабарлайды US News.

Ел Болгария (67 орын) және Гана (69 орын) арасында орналасқан. 2018 жылы Қазақстан 70-ші орында болды.

Рейтингті құрастырушылар Қазақстанның Орта Азияда, негізінен орасан зор табиғи ресурстар есебінен ең үлкен экономикасы бар екенін атап өтті.

Ел бастамашылық, бизнес ашықтығы және өмір сапасы деңгейіне ең көп ұпай жинады.

Сонымен қатар, Ресей 24-ші, Украина 65-ші, Әзірбайжан 70-ші, Белоруссия 73-ші орынды алды.

Рейтинг көшбасшысы Швейцария, Жапония және Канада, аутсайдерлер – Ангола, Иран және Ирак болып табылады.

Айта кету керек, тізімдегі орын елдің саяхатқа тартымдылығы және өмір сүру үшін қолайлылығы сияқты параметрлер бойынша анықталады. Сонымен қатар, тұрғындардың достығы, климаты, қоршаған ортаны қорғау, сән және тамақ өнеркәсібі ескерілді.

Жұмыс күшінің еркін қозғалысы, білім деңгейі сияқты көрсеткіштер аса маңызды болды. Сондай-ақ, ел ішіндегі өмір сүру сапасын, оның ішінде жақсы еңбек нарығы мен денсаулық сақтаудың даму деңгейі мен қауіпсіздікті анықтайтын өлшемдерге де көп көңіл бөлінді.

Похожие материалы