Алматы. 21 қараша. 7kun.kz - Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында Қазақстан номиналды және нақты еңбекақының өсуі бойынша көшбасшы болды.
Елдегі орташа айлық атаулы жалақы 2019 жылдың қаңтар-қыркүйегінің қорытындысы бойынша 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,6%-ға өсті. Статистикаға сәйкес, бұл өсім Одақ елдері арасында ең жоғары көрсеткіш.
Беларусьте орташа номиналды жалақы 14,1%-ды, Ресейде – 7,2%-ды, Арменияда - 5,9%-ды, Қырғызстанда - 4,2%-ды құрады.
Қазақстанда долларға ауыстырғанда жалақы 477 долларды құрады. Ресейде - 708 доллар, Беларусьте - 510 доллар, Арменияда – 371 доллар, Қырғызстанда – 235 доллар.
Нақты жалақыға келетін болсақ, Қазақстан осы сегментте де 8,9%-дан жоғары өсім көрсетті. Ал Беларусьте бұл көрсеткіш есепті кезеңде 7,8%-ға, Арменияда – 4,2%-ға, Қырғызстанда - 3,6%-ға және Ресейде - 2,3%-ға өсті.