Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан жалақының өсуі бойынша ЕАЭО-ның көптеген елдерін басып озды

Қазақстан жалақының өсуі бойынша ЕАЭО-ның көптеген елдерін басып озды

Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz – Қазақстан жалақының өсу деңгейі бойынша ЕАЭО елдері арасында екінші орында.

Қазақстанда 2019 жылдың I жартыжылдығында орташа айлық атаулы жалақы 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,9%-ға өсті. Аталмыш кезеңде Беларусьте өсім 14%-ды құрады. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады.

Одақтың басқа елдерінде өсім аз болды. Мәселен, есепті кезеңдерде Ресейде бұл көрсеткіш 7%-ға, Арменияда – 5,6% -ға, Қырғызстанда – 4,2%-ға өсті.

Доллармен есептегенде Ресейдегі атаулы жалақы 709 долларды, Беларусьте – 493 долларды, Қазақстанда – 468 долларды, Арменияда – 365 долларды, Қырғызстанда – 233 долларды құрады.

Нақты жалақының өсуіне келетін болсақ, Беларусь 7,6%-бен бұл көрсеткіш бойынша көш бастап тұр. Қазақстанда нақты жалақы 7,4%-ға өсті. Арменияда – 3,5%, Қырғызстанда – 4,3%, Ресейде – 1,8%.

Похожие материалы