Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шымкентте ең ірі алюминді сым илемдерін өндіретін зауыт ашылды

Шымкентте ең ірі алюминді сым илемдерін өндіретін зауыт ашылды
Шымкентте «Даму» Қорының қолдауымен елімізде ең ірі алюминді сым илемдерін өндіретін зауыт ашылды. Бұл туралы "Инсайт Медиа" агенттігі хабарлады.  "ЦветЛит" ЖШС-нің өндірістік күші жылына 24 мың тонна алюминий созылмалы сым илемдерін және 12 000 алюминий құймасын құрайды. Қазіргі уақытта бұл Қазақстан бойынша алюминий сым илемдерінің ірі өндірісі болып табылады. Жалпы инвестиция көлемі 950 миллион теңгені құрайды. Өңдеу өнеркәсібі саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мемлекеттік бағдарламасы аясында компания жаңа жабдықтар сатып алуға 485 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған. Тағы 132 миллион теңге нысанды тұрғызу үшін алынған. Жобаны жылдық 6% қаржыландыру 2014 жылдың қараша айында жүзеге асырылды. Алюминий созылмалы сым илемдері электорлы кабелдер, трансформаторлар үшін және құрыштарды өндіру барысында пайдаланылады. Бүгінгі күні компания республикадағы кабельді зауыттарға өз өнімін жеткізу жөнінде келісімшарттар жасасқан, «Кентау трансформаторлы зауыты» АҚ мен жақын шетелдегі кабельді зауыттарына. Өнімнің алғашқы легі Өзбекстанға экспортталды.

Похожие материалы