Алматы. 17 шілде. 7kun.kz – Павлодар облысында 1,5 млрд теңгеге күркетауық өсіретін құс фабрикасын салу жоспарлануда. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан хабарлады.
Олардың ақпаратына сәйкес, биылғы жылы жобаға 750 млн. теңге, 2020 жылы – 750 млн теңге бөлінеді.
«Инвестор қазақстандық компания болып табылады. Инвестиция сомасы 1,5 млрд теңгені құрайды. Қуаттылығы жылына – 5 мың тонна ет», - деп қосты ведомствода.
Басқармада атап өткендей, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары және екі жер телімінінің құжаттарын рәсімдеу жүргізіліп жатыр. Нысанды 2020 жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Зауыт өз өнімдерін ішкі нарыққа жеткізеді деп күтілуде. Экспорт жөніндегі мәселе сыртқы нарықтарды зерделегеннен кейін қаралатын болады.