Астана. 17 қараша. 7kun.kz – Қазақстанда 147 адамның 20-дан астам пәтері бар. Бұл туралы «Отбасы банк» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мәліметінше, елде жалпы 6 млн 300 мың қазақстандықтың меншігінде баспана бар.
Ал құрылым бойынша 5,6 миллион адамның басында бір баспанадан бар. 607 мың азаматта екі пәтерден бар. Үш баспанасы барлардың саны 84 мыңнан астам және 16 мың қазақстандықта төрт баспанадан. Сондай-ақ бесеуден – 4800 адамда, 6 пәтері барлар - 1900, ал 942 адамда 7 баспанадан бар.
«Шамамен 147 адамның 20 және одан да көп баспанасы бар. Бұл 6,3 миллион пәтерге шамамен 4,3 миллион отбасы иелік етеді», – деді «Отбасы банк» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.