Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 2019 жылы 89 млн тоннадан астам мұнай өндіру жоспарланған

Қазақстанда 2019 жылы 89 млн тоннадан астам мұнай өндіру жоспарланған

Алматы. 2 қазан. 7kun.kz — 2019 жылдың қорытындысы бойынша республикада 89 млн тоннадан астам мұнай өндіру жоспарланып отыр, деп хабарлады Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов.

"Мұнай өндірудің ағымдағы қарқыны 89 млн тоннадан астам мұнай өндіруге мүмкіндік береді деп күтеміз", – деді Досмұхамбетов.

Қаңтар-қыркүйек қорытындылары бойынша мұнай өндіру көлемі 67 млн тоннаны құрады немесе жоспардың 101,7%-ын (осы кезеңнің 99,3%-ы) құрады.

40,6 млн тонна үш ірі жобада өндірілді, оның 10,1 млн тоннасы Қашағанда(2018 жылдың ұқсас кезеңіне 106,5%, жоспарға 107,6%), Теңізде – 22 млн тонна (2018 жылдың ұқсас кезеңіне 102,4%, жоспарға 101,2%), Қарашығанақ – 8,5 млн тонна (2018 жылдың ұқсас кезеңіне 92%, жоспарға 101,7%) өндірілді.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы жоспарланған Қашаған және Теңіз кен орындарында күрделі жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды.

Қарашығанақта негізгі өндірістік нысандарда күрделі жөндеу 15 қыркүйектен басталды. Өндіріс толығымен тоқтатылды, күрделі жөндеу 13 қазанға дейін жалғасады. Күрделі жөндеу өңдеу кешенінде, газды кері айдау компрессорларында, газ дайындау қондырғысында жүргізіледі. Оны белгіленген мерзімде аяқтау жоспарланған.

Похожие материалы