Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 27 млн еуроға жылыжай салынады

Қазақстанда 27 млн еуроға жылыжай салынады
Алматы. 5 қараша. 7kun.kz - Түркістан облысында 27 млн еуродан асатын инвестиция көлемі бар жылыжай кешені салынады. Бұл туралы ұлттық компания Kazakh Invest хабарлады. Ұйым жобаны Polcotton поляк компаниясы қаржыландыратындығын атап өтті. Шетелдік инвестор облыстың Сайрам ауданында 11 га алқаптағы құрылыстың бірінші кезеңін іске асыруға кірісіп кетті. Екінші кезеңде жылыжайдың алаңы 21 га дейін ұлғайтылады. Қазіргі уақытта жер учаскесі таңдап алынды, жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. 2019 жылы кәсіпорында 150-ден астам адам жұмыспен қамтылады деген жоспар бар. Екінші кезеңнен кейін жұмыс орындары екі есе өседі. Қияр мен қызанақ түріндегі өнім Қытай мен Ресей нарығына жеткізілетін болады.  

Похожие материалы