Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 29 тонна қауіпті азық-түлік тауарлары анықталды

Қазақстанда 29 тонна қауіпті азық-түлік тауарлары анықталды

Алматы. 09 тамыз. 7kun.kz — Қазақстанда 16 млн теңгенің 29 тонна қауіпті азық-түлік өнімі сауда орындарынан алынды, регламенттерге сәйкес келмейтін азық-түлік өнімдері мен халық тұтынатын тауарлардың иелеріне 38 млн теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова.

«Комитет азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың қауіпсіздігін қадағалайды. Осы мониторинг аясында (бірінші жартыжылдықта) 32 мың тамақ өнімдері мен тұтыну тауарлары зерттелді. Олардың 19,6%-ы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді. Аталған фактілер бойынша 1000 ұйғарым беріліп, 38 млн теңгеден астам айыппұл салынып, 16 млн теңгеден астам сомаға 29 тонна қауіпті азық-түлік өнімі айналымнан алынды", - деді ол.

Жалпы алғанда, бірінші жартыжылдықта жүргізілген мониторингтің аясында таңдау барлық тағам өнімдерінің топтарын қамтиды, оның ішінде сүт және ет өнімдері, құс еті, балық өнімдері, кондитерлік өнімдер, аспаздық және нан-тоқаш өнімдері, жемістер мен көкөністер, алкогольді және алкогольсіз сусындар. Мониторинг шеңберінде сауда объектілерінде жалған сары майды, шұжық өнімдерін, ет консервілерін және басқа да тамақ өнімдерін сату фактілері анықталды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 7 мың 770 дәрі тіркелген, оның 1 мың 754-ін рецептсіз сатып алуға болады. 2019 жылдың жеті айында дәрілік заттарды мамандандырылған сараптау кезеңінде 2 659 өтінім келіп түсті, оның 2 511-іне рұқсат берілді.

Сондай-ақ 1 556 ойыншықтың үлгісі зерттелді, олардың ішінде балалардың денсаулығы үшін қауіпсіз 916-дан астам ойыншық (60%) тіркелді. Көптеген ойыншықтар Қытайдан (73,2%) және Түркиядан (26,4%) әкелінген. Сатудан 332 кг астам ойыншық алынды.

Похожие материалы