Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz – Қостанай облысында 30 млрд теңгеге май экстракциялық зауыт салу жоспарлануда.
Өңірлік кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан хабарлағандай, кәсіпорында 300-ден астам жұмыс орны ашылады.
«Жоба Қостанай облысының тауашалық жобалар тізіміне енгізілді. Бастамашы «Еуразия Фуд Ойл» болып табылады. Бүгінгі таңда қаржыландыру көздері іздестірілуде. Жұмыс қорытындысы бойынша оны іске асыру мерзімдері анықталатын болады. Зауыт Қостанайда салынады деп жоспарлануда», - деп түсіндірді ведомствода.
Кәсіпорында 300 мың тоннаға дейін өсімдік майын өндіру көзделіп отыр. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді перспективада дайын өнімді ТМД елдеріне, Қытай мен Түркияға экспорттау жоспарлануда.