Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 300 млн долларға жылыжай кешені салынады

Қазақстанда 300 млн долларға жылыжай кешені салынады

Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz – 2020 жылы Түркістан облысында құны 300 млн доллар болатын жоғары технологиялық өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, құрылыстың басталуы 2019 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

«Кешен Кентау қаласының Қарашық ауылдық округінде салынады, ол үшін 200 га жер бөлінді. Жобаны «Dal Holding Investment Co., Ltd.» түрік компаниясы толығымен жүзеге асырды. Бизнес-жоспарға сәйкес жылыжай кешенінде қияр, қызанақ және болгар бұрышы өсірілетін болады», - деп қосты ведомстводан.

Осы аймақтан жылына шамамен 80-100 мың тонна өнім алынады, оның 20-40 мың тоннасы Қазақстан өңірлеріне жеткізіледі, ал 60-80 мың тоннасы ТМД мен Еуроодақ елдеріне экспортқа жіберіледі деп жоспарлануда.

Похожие материалы