Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 40 мыңнан астам жалға берілетін пәтер салынады

Қазақстанда 40 мыңнан астам жалға берілетін пәтер салынады

Алматы. 6 мамыр. 7kun.kz — Қазақстан Үкіметі 7 жыл ішінде сатып алу құқығынсыз 40 мыңнан астам жалға берілетін пәтерлерді пайдалануға беруге ниетті, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.

«7 жыл ішінде 40 мыңнан астам пәтер салынады, бұл сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге қатысты, 2019 жылы 7 145 пәтер салынатын болады және жыл сайын 6 мың пәтер салу үшін 50 миллиард теңгеден бөлінеді», - деді М.Жайымбетов.

Оның мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу құқығынсыз алуға ниет білдірген 249 пәтер тапсырылды. Мамыр айының соңына дейін тағы да 1 316 пәтерді тапсыру жоспарланып отыр. Олар бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.

«Айта кету керек, бұған дейін көп балалы отбасыларға жылына 600 пәтер бөлінді, сондықтан қазір көп балалы аналарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша шамамен 10 есеге өсті», - деп атап өтті министрлік өкілі.

Сондай-ақ, ол егер әлеуметтік осал топ өкілдерінің біреуі жалға берілетін тұрғын үй кезегін күтуді қаламаса, оларға жылына 50 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген кредит беру үшін қаражат бөлінетінін атап өтті.

«Үш жыл ішінде 18 мыңға жуық несие беріледі, бұл 18 мың пәтер. Қаражат 25 жыл ішінде үш айналымда беріледі, бұл жалпы алғанда 50 мыңнан астам қарыз болады», - деді спикер.

Айта кетейік, тұрғын үй қарыздарына көп балалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ құрамында мүгедек балалары бар отбасылар үміткер бола алады.

Похожие материалы