Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 41 адамнан коронавирусқа сынама алады

Қазақстанда 41 адамнан коронавирусқа сынама алады

Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстандағы 41 адамнан коронавирус белгілерін тексеріп жатыр. Бұл туралы Қазақстанның жетекші инфекционисті Динагүл Баешева хабарлады.

«31 қаңтардағы жағдай бойынша температурасы және ЖРВИ белгілері бар 66 адам оқшауланған блоктарға жатқызылды, 41 ауруханада қалды, 25-і босатылды.ЖРВИ белгілері бар 66 адам оқшауланған блоктарға жатқызылды, 41 ауруханада қалды, 25-і үйлеріне жіберілді", - деді Динагүл Баешева.

Сонымен қатар, ол ауруханаға жатқызылғандардың барлығынан сынама алып, қосымша бақылау үшін Алматыдағы аса қауіпті инфекциялардың ұлттық ғылыми орталығына жіберетінін атап өтті.

"Онда коронавирустың жаңа штаммын диагностикалау үшін ПТР әдісі игерілген", - деп түсіндірді инфекционист.

Похожие материалы