Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев Энергетика министрі болып тағайындалды.
Оның орнына облыс әкімі болып Булат Бакауов келді. Болат Бакауов бұған дейін Павлодар қаласының әкімі қызметін атқарған.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың қызметінен кетуі мүмкін екені хабарланған болатын.
Қанат Бозымбаев 1969 жылдың 8 қаңтар күні Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын 1993 жылы бітірген, экономист. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі. 1993 жылы — жекеменшік компанияның экономисі. 1994 жылы— Алматы қаласы әкімінің көмекшісі. 1997 жылы— Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы, «Мұнайды тасымалдау жөніндегі „ҚазТрансОйл“ ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті. 1998 жылдың тамызынан — Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің бастығы. 2000 жылдың наурызынан — Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі. 2001 жылдың қаңтарынан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті. 2001 жылдың мамырынан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті. 2003 жылдың наурызынан — Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы директорлар Кеңесінің төрағасы. 2007 жылдың тамызынан — «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі „Самұрық“ холдингі» Акционерлік Қоғамы басқармасының төрағасы