Алматы. 4 ақпан. 7kun.kz – Өткен жылы Қазақстанда 6,4 млн теңгеге 1408 жалған ақша белгісі анықталды.
Ұлттық банктің мәліметінше, 1386 банкнот, 22 монета болған. 2017 жылмен салыстырғанда жалған ақша саны 26%-ға немесе 360 данаға азайды.
Ең көп жасалған жалған банкноттар 2 мың теңге – 709 дана, 10 мың теңге – 395 дана, 1 мың теңге – 100 дана.
Қадағалау ведомствосының мәліметтері бойынша, жалған ақша саны бойынша Алматы көш бастап тұр. Бұл аймақта 967 дана анықталды. Одан әрі Астана – 120 дана және Шығыс Қазақстан облысы – 115 дана.