Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 700 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек алды

Қазақстанда 700 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек алды

Алматы. 26 қаңтар. 7kun.kz – 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек 141,5 мың отбасынан 728,7 мың адамға тағайындалды, бұл мақсаттарға бюджеттен 59,5 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

«АӘК көрсету тетігін іске асыру шеңберінде 2020 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды заттай түрдегі кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – КӘТ) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді. 2022 жылы 1 жастан 6 жасқа дейінгі шамамен 204,6 мың АӘК алатын балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде КӘТ тағайындалды», – делінген хабарламада.

Азаматтардың КӘТ-ті заттай форматтан ақшалай форматына ауыстыру туралы ұсыныстарын ескере отырып, 2023 жылдан бастап мектеп жасына дейінгі балаларға арналған КӘТ-ті монетизациялау жүзеге асырылды. Өнімдер мен тұрмыстық химия жиынтығын ұсынудың орнына әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем белгіленді. Осылайша, ата-аналарға балалардың жеке қажеттіліктеріне қарай өз бетінше азық-түлік сатып алуға мүмкіндік беріледі.

Азаматтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына немесе Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Похожие материалы