Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 9 күн электр станциясы іске қосылады

Қазақстанда 9 күн электр станциясы іске қосылады

Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz – Жамбыл облысында 292,05 млрд теңгеге 9 күн электр станциясы іске қосылады. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметтеріне сәйкес, жобалардың жалпы қуаты 600,5 МВт құрайды. 225 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Атап айтқанда, биылғы жылдың соңына дейін Шу ауданында қуаты 100 МВт СЭС пайдалануға беріледі. Жобаның құны 64 млрд теңге. Сондай-ақ, 2020 жылы мұнда 18 млрд теңгеге қуаты 50 МВт болатын тағы бір станция іске қосылады. 2021 жылы қуаттылығы 50 МВт және құны 35,5 млрд теңге болатын үшінші СЭС құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.

Жуалы ауданында 125,47 млрд теңгеге қуаты 200 МВт болатын күн электр станциясы салынуда. Жобаны 2020 жылы іске қосу жоспарлануда.

2021 жылдың соңына дейін Рысқұлов ауданында қуаты 20 МВт, 24 МВт және 50 МВт үш электр станциясы салынады. Жобаларның құны: тиісінше 11 млрд теңге, 17,6 млрд теңге және 50 млн теңге.

Жамбыл ауданында 2021 жылы қуаты 100 МВт электр станциясы іске қосылады. Сонымен қатар, әкімдік қазіргі уақытта жобаның құны әлі анықталмайтынын атап өтті.

Қордай ауданында қолданыстағы нысан 2,38 млрд теңге сомасына 6,5 МВт дейін кеңейтілді. Іске асыру мерзімі - 2020 жыл.

Похожие материалы