Алматы. 19 тамыз. 7kun.kz — 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ел халқы 18,5 миллион адамды құрады, деп хабарлайды Статистика комитетінің сайтында.
Жалпы тұрғындардың 10,78 миллионы қалада тұрады, қалған 7,73 миллион адам - ауыл тұрғындары.
Қазақстанда әйелдер ерлерге қарағанда көп - 51,5%, ал ерлер - 48,5%.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда халық саны 235,5 мың адамға немесе 1,3%-ға өсті.
Халықтың ең көп өсуі елдің үш аймағында байқалды: Нұр-Сұлтан (56,1 мың адам), Алматы (48,6 мың адам) және Түркістан облысы (42,6 мың адам).