Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы өзгереді
14 ноября, 2018
Алматы. 14 қараша. 7kun.kz – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық әйелдер үшін зейнетке шығу жасын арттырады. Келесім жылдан бастап зейнетке шығу жасы - 59.
Бірнеше жыл алдын қабылданаған заңда әйелдердің зейнет жасын кезең-кезеңмен арттыру көзделген. Өзгерістер 1960 жылдан 1964 жылға дейін туғандарға қатысты.Бірінші кезең 2018 жылдың 1 қаңтарында жүзеге асқан. Қабылданған заңға сәйкес бүгінде зейнет жасы 58,5 құрайды. 2019 жылы 59 жасында әйелдер зейнетке шығады.Осылайша, 9 жыл көлемінде зейнет жасы жоғарылай береді. 2027 жылға қарай әйелдер 63 жасында зейнеткер атанады. Айта кетерлік жайт, зейнетақы үшін қажетті сома жинақталса, қазақстандықтар 50 жасында зейнетке шығуға құқылы. Биыл бұл көрсеткіш 13,5 миллион теңгені құрайды. Сонымен қатар, әйелдердің зейнетке ерте шығуына мүмкіндік беретін тағы да бірнеше жағдайлар бар.