Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда алдағы үш күнде үсік жүріп, қар жауады

Қазақстанда алдағы үш күнде үсік жүріп, қар жауады

Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz – Қазгидромет 13-15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қазақстанның солтүстік жартысына солтүстік-батыс суық антициклон әсер етеді. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады. Шығыстың таулы аудандарында, оңтүстік-шығыста түнде жаңбыр жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

14-15 қыркүйекте шығыста қатты жаңбыр жауады. Республикада жел күшеюі ықтимал.

Түнде республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Похожие материалы