Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда алтын әшекейлердің бағасы 5,8%-ға өсті

Қазақстанда алтын әшекейлердің бағасы 5,8%-ға өсті

Алматы. 25 қазан. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстанда зергерлік және ұқсас бұйымдар өндірісі 529,1 млн теңгеге жетті, бұл ретте 2018 жылдың осы кезеңінде өндіріс 507,8 млн теңгені құрады, деп хабарлады EnergyProm.

2019 жылғы қыркүйекте алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың бағасы бір жыл ішінде 1 граммы үшін 15 938 теңгеден 16 870 теңгеге дейін 5,8%-ға өсті. Ең қымбат алтын зергерлік бұйымдар Нұр-Сұлтан (23 707 теңге), Ақтау (20 285 теңге) және Атырауда (19 859 теңге) тіркелді.

Күмістен жасалған зергерлік бұйымдар бір жыл ішінде 1,8%-ға өсіп, 2019 жылдың қыркүйегінде 1509 теңгеге жетті. Ең қымбат күміс әшекейлер Атырауда (грамм үшін 2 226 теңге), Нұр-Сұлтанда (грамм үшін 1 982 теңге) және Алматыда (грамм үшін 1 948 теңге) болды.

Похожие материалы