Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда ақылы жолдармен жүру тарифі көтеріле ме?

Қазақстанда ақылы жолдармен жүру тарифі көтеріле ме?

Қазақстан. 26 мамыр. 7kun.kz –Қазақстандық жүргізушілер үшін ақылы трассалармен жүру тарифін көтерілмейді. Бұл туралы Көлік комитеті хабарлады.

Мұндай қауесеттер әлеуметтік желілерде тарады.

Ведомство жүк көліктерінің жүру құны 400 теңге/км-ге дейін көтеріледі деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Тек шет мемлекеттердің жүк транзиттік көліктеріне тарифті көтеру мәселесі қарастырылуда. Бастама халықаралық заңнаманы ескере отырып, алдын ала қарастырылуда. Бұл шешім жергілікті компаниялар арасында салауатты бәсекелестік туғызады», - деді комитет өкілдері.

Бүгінде ел бойынша ұзындығы 2,2 мың шақырым болатын I санаттағы автожолдардың 11 ақылы учаскесі жұмыс істеп тұр.

Ақылы бөлімдер үшін төлем тарифтері:

- жеңіл көлік үшін – шақырымына 1 теңге;

- 16 орынға дейінгі автобустар және 1-ден 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – шақырымына 5 теңге;

- 32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – шақырымына 10 теңге;

- 32 орыннан жоғары автобустар және 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – шақырымына 15 теңге;

– 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – шақырымына 20 теңге;

- 15-тен 25 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – шақырымына 25 теңге.

Похожие материалы