Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда әр банктің қанша банкоматы бар?

Қазақстанда әр банктің қанша банкоматы бар?

Алматы. 26 шілде. 7kun.kz – Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, жаздың басында банкоматтар саны 10,6 мың құрылғыны құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 6,9%-ға көп, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Екінші деңгейлі банктердің ішінде 28 банктің 15-інде өзінің банкоматтық желісі бар.

Қаржы ұйымдарының корпоративтік сайттарынан алынған ақпаратқа сәйкес, банкоматтардың басым бөлігі Халық банкіне тиесілі — шамамен 5 мың құрылғы, олардың 685-і Алматыда (13,8%) және 512-і Нұр-Сұлтанда (10,4%) орналасқан.

Екінші орында Kaspi Bank — 1,2 мың құрылғы, оның ішінде Алматыда — 339 (29%), Нұр-Сұлтанда — 179 (15,3%).

Үшінші орында 850 банкоматы бар ForteBank, оның ішінде Алматыда — 189, Нұр-Сұлтанда — 97.

Төртінші орында — 678 банкоматы бар АТФ банк.

Бесінші орында — 660 банкоматы бар ЦентрКредит Банкі.

Барлық банкоматтардың ең азы, Kassa Nova банкінде — 7, Capital Bank-те — 33 және Altyn Bank-те — 36 бірлік.

Похожие материалы