Астана. 5 желтоқсан. 7kun.kz – Енді атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін кедейлік шегі медиандық табыс есебінен есептеледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Министр жаңадан әзірленген Әлеуметтік кодекс жобасын таныстырды.
«2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі бүгінгі күнкөріс деңгейінен емес, медиандық табыс есебінен анықталады», – деді ол.
Оның айтуынша, министрлік экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесін зерттей отырып алынған
«Біріншіден, атаулы көмектің мәні өзгереді. Енді атаулы көмек қандай да бір қызметті алатын тек нақты адам емес, отбасыны немесе азаматты қиын өмірлік жағдайдан шығара алатын атаулы шара ретінде қарастырылмақ. Екіншіден, қолданыстағы әлеуметтік келісімшарттың жаңа мазмұны, яғни тараптардың жауапкершілігін арттыру қарастырылып отыр. Мәселен, мемлекет нақты бір отбасының әл-ауқат дәрежесіне қарап атаулы шара көрсетуге міндетті болса, оны алушы отбасы бұл шараларды өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін орындауға міндетті», – деді Тамара Дүйсенова.
Министрлік мәліметінше, Қазақстанда медианалық кіріс – 2021 жылдың қорытындысы бойынша 54,8 мың теңге немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінен 1,5 есе жоғары.