Алматы. 3 ақпан. 7kun.kz — 2020 жылғы қаңтарға қарай Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ретінде 17,4 мың заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген. Сектордағы компаниялар санының жылдық өсуі 5,3%-ды құрады. Мұндай деректерді finprom.kz ұсынды.
Сондай-ақ, елде 219,4 мың шаруа және фермер қожалықтары (жылдық өсім — 8,1%) және 1,6 млн кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің үй шаруашылықтары (жылдық өсім - 0,2%) тіркелді.
Олардың ішінде 13,9 мың заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер (жылдық өсім — 7,5%-ға) және 211,7 мың шаруа және фермер қожалықтары (жылдық өсім - 7,7%-ға) - жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер.
Жұмыс істейтін заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің ең көп саны Түркістан, Ақмола және Алматы облыстарында байқалды.
Өз кезегінде, қолданыстағы фермалар мен шаруа қожалықтарының ең көп шоғырлануы Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарына тиесілі.
Өткен жылдың қаңтар-желтоқсанында ауылшаруашылығының жалпы өнімі нақты көлемнің 0,9% өсуімен 5,2 трлн теңгені құрады.
Жалпы өнім шығару бойынша ТОП-3 құрамына Алматы (852 млрд теңге), Солтүстік Қазақстан (631,9 млрд теңге) және Түркістан (627,5 млрд теңге) облыстары кірді.