Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда ауыл шаруашылығын несиелендіру бір жылда 62%-ға төмендеді

Қазақстанда ауыл шаруашылығын несиелендіру бір жылда 62%-ға төмендеді

Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz – Қазақстанда ауыл, орман және балық шаруашылығын несиелеу бір жыл ішінде бірден 62,2%-ға немесе 401 млрд теңгеге қысқарып, 2019 жылдың маусым айының соңында 243,8 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлайды.

Корпоративтік кредиттер жалпы алғанда 11,6%-ға немесе 925,9 млрд теңгеге, 7,1 трлн теңгеге дейін азайды. Заңды тұлғалардың несие портфеліндегі ауылшаруашылық несиелерінің үлесі тиісінше 8,1%-дан 3,4%-ға дейін азайды.

Аталған саладағы барлық кредиттердің 99%-дан астамы өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, аң аулау және осы салаларда қызмет көрсетуге келеді: 242 млрд теңге — өткен жылмен салыстырғанда 62,3 -ға кем.

Қалған 1%-дан азы балық аулауға (1,3 млрд теңге, жылына −26,7%) және орман шаруашылығына (509 млн теңге, жылына −44,8%) тиесілі.

17 өңірдің сегізі секторда кредиттердің жылдық өсімін көрсетті. Ақтөбе облысы көш бастап келеді: өсім 2,1 есе, 6,7 млрд теңгеге дейін. Екінші орында Қызылорда облысы: өсім 45,6%-ға, 1,4 млрд теңгеге дейін. Алматы облысы көшбасшылардың үштігін түйіндейді: бір жыл ішінде өсім 32,2%-ға, 6,2 млрд теңгеге дейін.

Ауылшаруашылық несиелері Нұр-Сұлтан қаласында 94,7%-ға, 19,5 млрд теңгеге дейін қысқарды. Тағы үш өңірде — Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарында екі еседен астам төмендеу байқалды.

Похожие материалы