Алматы. 8 қазан. 7kun.kz — 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанның ауыл халқының саны жыл басынан бері 0,43% немесе 33,5 мың адамға көбейіп, 7,73 млн адамға жетті.
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ағымдағы есебінің деректеріне сәйкес, өсім бойынша көшбасшылар; Маңғыстау облысы (+2,69%) – 418,1 мың адамға дейін, Атырау (+1,9%) – 309,3 мың адамға дейін, Алматы (+1,06%) – 1,598 млн адамға дейін, Түркістан (+0,83%) – 1,608 млн адамға дейін, Қызылорда (+0,52%) – 444,6 мың адам және Жамбыл облысы (+0,42%) – 681,3 мың адамға дейін.
Қалған облыстарда ауыл халқы азайды: Қостанай облысында (-1,27%) – 392,1 мың адамға дейін, Солтүстік Қазақстан облысында (-1,22%)-298,2 мың адамға дейін, Шығыс Қазақстан облысында (-1,14%) – 523,4 мың адамға дейін, Ақтөбе облысында (-0,38%)-254,2 мың адамға дейін, Қарағанды облысында (-0,29%) – 280,3 мың адамға дейін, Батыс Қазақстан облысында (-0,13%) – 312,7 мың адамға дейін, Ақмола облысында (-0,19%) – 389,6 мың адамға дейін, Павлодар облысында (-0,05%)-221,7 мың адамға дейін.
Сонымен қатар, республиканың қала халқы қаңтар-тамыз айларында 1,1%-ға 10,816 млн адамға дейін өсті. Жалпы Қазақстан халқының саны 0,83%-ға немесе 151,9 мың адамға өсіп, 1 қыркүйекте 18,547 млн адамды құрады. Бқл ретте, Нұр-Сұлтанның халық саны - 1,116 млн адамға, Алматы – 1,892 млн адамға, Шымкент – 1,026 млн адамға жетті.