Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда автокөлік өндірісі артты

Қазақстанда автокөлік өндірісі артты

Алматы. 10 шілде. 7kun.kz – 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның машина жасау өнеркәсібіндегі автокөлік жасау саласының үлесі 19,2%-ды құрады және үстіміздегі жылдың басынан бастап 25%-ға дейін өсті. Бұл туралы үкіметтің баспасөз отырысында Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Аманияз Ержанов мәлімдеді.

«Қазақстанда автокөлік құралдарының барлық түрін құрастыру өндірісі құрылды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша машина жасаудағы автокөлік жасау үлесі 19,2%-ды құрады. Жыл басынан бері 25%-ға дейін өсті. 2018 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 205 млрд теңгені немесе 32 298 бірлікті құрады. 2018 жылы автокөлік жасаудың нақты көлем индексі 114%-ды құрады. Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 144 млрд теңге сомасына 16 921 бірлік автокөлік құралы өндірілді. Жеңіл автомобильдер өндірісі 41,5%-ға, автобустар – 3,2%-ға, жүк көліктері – 35%-ға және тіркемелер мен жартылай тіркемелер – 35%-ға өсті», - деді ол.

Нарықта сұранысты қалпына келтірумен, экспорттық нарықтардың ашылуымен, сондай-ақ мемлекет тарапынан жеңілдікті автонесие беру бағдарламасымен және облыс орталықтарында автобус паркін жаңарту бағдарламасы бойынша автобустарды лизингке өткізумен өндірістің өсуі түсіндіріледі.

«Жалпы мемлекет жеңілдетілген автонесие беру немесе лизингтік қаржыландыру бағдарламасын іске қосқаннан бастап, ағымдағы жылдың мамыр айында бөлінген 10 млрд теңге көлеміндегі соңғы траншты қоса алғанда, 50 млрд теңге бөлді. Бұл қаражат толық көлемде игерілді. Бүгінгі күні қаражатты екінші рет игеру жүргізілуде, яғни бағдарлама жалғасуда: револьверлік игеруді ескере отырып, бүгінгі күні 76 млрд теңгеге 15 446 көлік құралы іске асырылды. Жыл сайын шамамен 8-9 млрд теңге айналымда тұр, бұл шамамен 1,5 мың көлік құралдарына есептелген», – деп түйіндеді спикер.

Похожие материалы