Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда автокөлік өндірісі екі есеге өседі

Қазақстанда автокөлік өндірісі екі есеге өседі

Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz – 2017-2018 жыл аралығында Қазақстанда автокөлік өндірісі 66% өсті. Бұл туралы IV Қазақстандық халықаралық автомобиль форумында 7kun.kz тілшісіне Қазақстандық автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева айтты.

«2019 жылы өсім жалғасады деп ойлаймын. 2018 жылы 32 мың автокөлік шығарылды. Биыл бұл көрсеткішті 60 мың автокөлікке жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Мақашева ханым.

Оның айтуынша Қазақстанда жасалған автокөліктер Ресей, Беларусь, Тәжікстан елдеріне экспортталады. Олардың қатарында автобус, жеңіл және жүк автомобильдері бар.

Форум барысында белгілі болғандай 2018 жылы машина жасау өндірісінің өсімі 19,2%-ды құрады. Автокөлік пен бөлшектері өндірісіне 1,1 млрд теңге инвестиция салынған.

Анар Мақашеваның айтуынша мемлекет автоөндірісті те, сатып алушыны да барынша қолдап отыр.

«Қазақстандықтар Қазақстан Даму Банкінің қолдауымен жеңілдетілген кредит алуға мүмкіндігі бар. Бұл бүгінгі таңдағы ең тиімді бағдарлама. Жеңіл автокөліктерді кредитке жылдық 4%-бен, жеңілдікті лизингке жылдық 3%, автобустарды жаңарту паркі бойынша жеке бағдарламалар жылдық 7%-бен алуға болады», - деді А.Мақашева.

Бұл биыл өндіріс пен сұранысты арттырушы негізгі фактор болуы керек.

Айта кетейік, автоөндіріс ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағытының бірі.

Похожие материалы