Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда автокөлік өндірісінің көлемі 35%-ға өсті

Қазақстанда автокөлік өндірісінің көлемі 35%-ға өсті

Алматы. 8 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша Қазақстанда 5,6 мың автокөлік өндірілді, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 34,6% артық.

Шығыс Қазақстан облысы отандық автоөндірісте көшбасшы болып тұр. Мұнда құрыстырылған автокөлік Қазақстандық өндірістің 65,2%-ын құрады. Облыста 3,6 мың автокөлік құрастырылады. Соңғы бір жылда өндіріс көлемі 32,6%-ға өскен. Қазақстандық автоөндірісте алға сүйреген «Азия Авто» АҚ - LADA, ŠKODA, Chevrolet, KIA маркаларын шығарады. Шығыс алдағы уақытта да автөндірістің түбегейлі көшін бастауы мүмкін. Өйткені 2020 жылы Өскеменде 9 жыл бұрын жоспарланған жаңа автозауыт салынады. Бұған дейін жобаға қажетті инвестиция 400 млн доллар.

Қазақстандық жеңіл автокөлік өндірісінің 34,8%-ы Қостанай облысына тиесілі. Мұнда жыл сайын 1,9 мың авто құрастырылады. Өндіріс көлемі соңғы бір жыл ішінде 38,6%-ға өскен. Мұндағы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС JAC, Peugeot, IVECO, ANKAI, Hyundai, Ravon, Chevrolet Niva брендтерін құрастырады.

Соңғы кезде қазақстандық автоөнідірсте серпіліс барын байқауға болады. Мәселен, қаңтар айының қорытындысы бойынша жеңіл көлік сегментіндегі қазақстандық өндірістің үлесі 50,6%-дан 61,2%-ға дейін артты. Импорт үлесі тиісінше жылына 49,4%-дан 38,8%-ға дейін қысқарды.

Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындары Одағы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Алферовтың айтуынша, ақпан айының нәтижесі бірден екі рекордты көрсеткішті әкелді. «ҚазАвтоПром» кәсіпорындарының нарықтық үлесі алғаш рет 57%-ға жетті. Жергілікті автоөндірушілердің өнімдеріне сұраныс артып, сатып алу көлемі 70%-ға өсті.

2019 жылдың екі айының қорытындысы бойынша Қазақстанда құрастырылған жеңіл автокөліктердің ең сұранысқа ие бестігіне Lada (2 260 дана), Hyundai (1 469 дана), KIA (602 дана), Chevrolet (126 дана) және Skoda (102 дана) кірді.

Олег Алфёров айтуынша өндірістің өсу қарқыны әзірге сұраныс қарқынынан кем түссе де, жыл басынан бері қазақстандық кәсіпорындар шығару көлемін 39%-ға ұлғайтты. Автоөнеркәсіптің республиканың ЖІӨ-дегі үлесі 47,2%-ға өсті және қазақстандық машина жасаудың жиынтық шығарылымының төрттен бір бөлігін құрады.

Айта кетейік, автоөндіріс Қазақстанның 2015-2019 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасындағы басым 8 сектордың бірі. Жобаның межелі кезеңінің соңына қарай автоөндірісті жылына 200 мың данаға жеткізіп, өндірістің 40%-ын экспорттау көзделген.

Похожие материалы