Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда азық-түлік бағасы қалай қымбаттайды?

Қазақстанда азық-түлік бағасы қалай қымбаттайды?

Қазақстанда өндірушіден дүкенге дейін картоп бағасы 135 теңгеден 219 теңгеге дейін, ал сиыр еті 1700 теңгеден 2450 теңгеге дейін қымбаттады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Сауда және интеграция министрлігі көтерме және бөлшек саудагерлер кейбір азық-түлік тауарларының бағасын қалай негізсіз өсіретінін түсіндіріп берді.

Өндіруші картоптың бағасын 1 кг үшін 135-145 теңге мөлшерінде белгілейді. Содан кейін көтерме сатушы 11,7-12,6% үстеме баға қосып және тасымалдың 1 кг үшін 13 теңге алады. Осылайша көтерме сатушының бағасы 165-175 теңгеге жетеді. Айырманы 25,1-32,7 %-ға бұрған кезде түпкілікті баға 1 кг үшін 219 теңгені құрайды.

Ал сәбіздің бастапқы бағасы 110-130 теңгеден саудаланады. Көтерме сауда бағасы 2,3-15% және тасымал 1 кг үшін 13 теңге болған соң, баға 135-140 теңгені құрайды. Бөлшек саудада сәбізге тағы 23,6-28,1%  қосылып, 1 кг үшін 173 теңгені қөрсетеді.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметі бойынша, қырыққабатты Өзбекстан мен Қырғызстаннан жеткізушілер 1 кг үшін 240 теңгені белгілеген. Көтерме сатушы оны 12,5 %-ға, 270 теңгеге дейін көтереді. Ал бөлшек саудагер 31,5 %, яғни 355 теңгеге дейін бағаны арттырады.

Сонымен қатар, сиыр етінің құны 1 келі үшін 1700 теңге. Оны көтерме сатушы 25 %-ға, 2125 теңгеге дейін, ал бөлшек сатушы 15%-ға, 2450 теңгеге дейін көтереді.

Ал сүт өндіруші өнімді 1 литрге 210 теңгеден сатады. Көтерме сатушы 10 % қосқаннан кейін оның құны 231 теңгеге дейін, ал бөлшек саудада 8 %-ға артып 1 литрге 250 теңгені құрайды.

Айта кетейік, Сауда министрлігі өткен жылдың тамыз айында әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыру үшін республикалық комиссия құрды. Ол бүкіл баға тізбегі бойынша делдалдық схемаларды зерттейді.

Сонымен бірге, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі кәсіпкерлік субъектілеріне әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын төмендету қажеттігі туралы 93 хабарлама жіберген. Монополияға қарсы комплаенстің 189 актісі жасалды.

Похожие материалы