Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттап жатыр

Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттап жатыр

Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда азық-түлік тауарлары бір жыл ішінде 9%-ға қымбаттады, бұл Еуразиялық экономикалық одақтағы ең үлкен өсім болды.

Қазақстанда 2019 жылдың тамыз айында тауарлар мен қызметтердің бағасы 2018 жылдың тамызымен салыстырғанда 5,5%-ға өсті. Осы көрсеткіш бойынша ел бір жыл ішінде баға 5,7%-ға өскен Беларусьтен ғана кем түсті.

Ресейде тұтыну бағасы бір жылда 4,3%-ға, Қырғызстанда – 2%-ға, Арменияда – 0,6%-ға өсті. ЕАЭО-да жалпы жылдық инфляция 4,4% деңгейінде тіркелді.

Сонымен қатар, Қазақстан азық–түлік тауарларына бағаның өсуі бойынша ЕАЭО-ның барлық елдерін басып озды – жыл ішінде 9%. Ал Ресейде осы сегменттегі өсім 5%-ды, Беларусьте – 6,2%-ды, Қырғызстанда – 3,7%-ды, Арменияда – 0,2%-ды құрады.

Сондай-ақ, Қазақстан азық-түлік емес тауарлардың қымбаттауы бойынша Одақтың барлық елдерін басып озды, жыл ішінде – 5,7%. Ресей мен Беларусьте осы сегменттегі бағалар 3,5%-ға, Арменияда – 2,4%-ға, Қырғызстанда – 0,2%-ға өсті.

Жыл басынан бері тұтыну бағасының өсуіне келетін болсақ, Қазақстанда бұл көрсеткіш 2019 жылдың тамыз айында 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3%-ға өсті. Бұл деңгей ЕАЭО-да ең жоғары болып табылады. Мәселен, Ресейде Жыл басынан бері инфляция 2,4%-ды, Беларусьте – 2,9%-ды, Қырғызстанда – 0,3%-ды құрады.

Арменияда желтоқсаннан бастап бағалар, керісінше 2,3%-ға төмендеді. Жалпы, ЕАЭО-да жыл басынан бері инфляция 2,3%-ға жетті.

Похожие материалы