Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz – Қазақстанда тұтыну бағасы қымбаттауды жалғастыруда. Елдегі инфляция 2023 жылғы қаңтарда 1,1% құрады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен айдағы баға өсімі:
- азық-түлік
тауарлары 1,4%-ға
- азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,9%-ға
- ақылы қызметтер 0,7%-ға қымбаттады
Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Ақтөбе облысында – 1,7% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төменгі Алматы облысында – 0,7%.
Өткен айда қияр 22,4%-ға, пияз 16,7%-ға, қызанақ 8,8%-ға, тәтті бұрыш 6,5% - ға қымбаттады. Ал күріш – 2,9%-ға, салқындатылған балық-1,8%, қара бидай наны, жұмыртқа – 1,7%, сұлы жармасы, шошқа еті, айран - 1,6%, тауықтың төс еті, ауыз сүт, тұзды ірімшіктер, жемістер, ауыз су -1,4%-ға өскені байқалды.