Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда азық-түлік себетінің құрамы қалай өзгерді?

Қазақстанда азық-түлік себетінің құрамы қалай өзгерді?

Алматы. 6 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда 2019 жылғы тамыз айының соңындағы жағдай бойынша азық—түлік себетінің 35%-ы ет және балық өнімдеріне тиесілі (бір жыл бұрын-32,9%). Өз кезегінде сүт, май өнімдері мен жұмыртқалар 24,9%-ды (бір жыл бұрын — 25,3%) құрайды. Бұл туралы Finprom.kz хабарлайды.

Бұдан басқа, нан мен жарма өнімдерінің үлесі 12,2%-дан 12,5%-ға дейін ұлғайды, ал жемістер мен көкөністердің үлесі айтарлықтай азайды — 26,2%-дан 24,9%-ға дейін. Қант, шай, дәмдеуіштер ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,3%-ын (бір жылдан бұрын — 3,5%) құрады.

Күн көрістің ең төменгі деңгейінің құрылымы азық—түлік себетіне 55% және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге 45% қатынасында белгіленген.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі 32 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ға артық (29,1 мың теңге). Бұл ретте тауарлар мен қызметтер бағасы жылына 5,5%-ға өсті. Азық-түлік қоржынына 17,6 мың теңге түсті, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер тиісінше 14,4 мың теңгені құрады.

Өңірлер бөлінісінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің ең үлкен шамасы дәстүрлі түрде Маңғыстау облысына келеді: 39,4 мың теңге — өткен жылдың сәйкес кезеңінен 8,4%-ға артық (36,3%). Ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша екінші және үшінші орындарды Нұр-Сұлтан мен Алматы алады: тиісінше 37,7 мың және 35,2 мың теңге. Айта кету керек, еліміздің 17 аймағының бесеуінде ғана ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа республикалық мәннен асады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің ең төменгі мәні Павлодар облысында (28,6 мың теңге), Қызылорда облысында (28,7 мың теңге) және Шымкентте (29,1 мың теңге) байқалады.

Похожие материалы