Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы 6,6%-ке өсті

Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы 6,6%-ке өсті

Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – Бір жылда азық-түлік тауарларының бағасы 6,6%-ке өсті,- деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, қант, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал жемістер мен көкөністер арзандады.

Жарма өнімдері тобында бағаның әр бағытта өзгеруі белгіленді. 2019 жылғы ақпанда күрішке орташа баға 2018 жылғы ақпандағы килограмына 287 теңгеге қарсы 323 теңгені, ал қарақұмық жармасы тиісінше 287 теңгеге қарсы 243 теңгені құрады.

Құмшекердің орташа бағасы 2019 жылғы ақпанда килограмына 236 теңгені, 2018 жылғы ақпанда 195 теңгені құрады.

2019 жылғы ақпанда сүт өнімдерінен сүзбеге орташа баға килограмына 1579 теңгені (2018 жылғы ақпанда – 1511 теңге), қаймаққа – 1050 теңгені (994 теңге), мәйекті ірімшікке – 2565 теңгені (2255 теңге), айранға – 286 теңгені (273 теңге), пастерленген сүтке 239 теңгені (216 теңге) құрады.

Похожие материалы