Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда бағалы металдар өндірісі артты

Қазақстанда бағалы металдар өндірісі артты

Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың І тоқсанында Қазақстанда бағалы және түсті металдар өндірісі 712,4 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1%-ға өсті.

Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, үш айда елде 230,2 мың кг өңделмеген күміс (4,9%-ға төмендеді) және 22,7 мың кг өңделмеген алтын (өсім - 7,3%) өндірілді.

Өз кезегінде өңделмеген алюминий 395,8 мың тоннаны (9,7%-ға төмендеді), ал өңделмеген қорғасын - 32,4 мың тоннаны (16,8% төмендеді) құрады.

Бұдан басқа, үш айда өңделмеген мырыш өндірісі 2,9%-ға, 80,2 мың тоннаға дейін қысқарды. Ал тазартылған мыс 10,1%-ға 114,1 мың тоннаға дейін өсті.

Похожие материалы