Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда "Байкал" және L-610 ұшақтарын шығару жоспарлануда

Қазақстанда "Байкал" және L-610 ұшақтарын шығару жоспарлануда

Алматы. 11 шілде. 7kun.kz — Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов Қазақстанда жеңіл моторлы "Байкал" және L610 ұшақтары өндірісін ашу туралы ресейлік өндірушілермен келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Ресейлік L610 ұшақтары мен жеңіл моторлы "Байкал" ұшақтарын өндірушілермен бірлесіп құру бойынша жобалар бар. Менің ойымша, "Қазақстан инжиниринг" ресейлік компаниялармен бірлесіп бұл жұмысты биылғы жылдың соңында бастайды", – деді Ержанов.

"Байкал" жеңіл моторлы көп мақсатты ұшақ (ТВС-2 ДТС) Бурятияда (Ресей) өндіруге дайындалуда. Ұшақты С. А. Чаплыгин атындағы Сібір авиация ғылыми-зерттеу институты Ан-2-ні ауыстыру үшін әзірледі. Оны шалғай елді мекендердің көлік қолжетімділігінің төмен проблемасын шешу, халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету, орман өрттерін сөндіру жөніндегі жұмыстарды, ауыл шаруашылығы жұмыстарын орындау үшін пайдалану жоспарланған. Ұшаққа қойылатын талаптардың бірі топырақты ұшу-қону жолақтарына, сондай-ақ су мен мұзға қону мүмкіндігі болады.

Тұтас композитті ұшақ 300 км/сағ жылдамдықпен (Ан-2-ден 100 км/сағатқа жылдамырақ) ұшады, ал қашықтығы 1,2 мың км-ден 2 мың км-ге дейін ұлғайды. Жүк көтергіштігі 1 тоннаға – 2,5 тоннаға дейін артты.

Let L-610 – Let Kunovice чех компаниясының жергілікті әуе тасымалы үшін шығарған екі моторлы турбовинттік ұшағы. Дайын емес топырақта, шөп, қар алаңдарында, сондай-ақ қысқа ҰҚЖ бар әуеайлақтарда және биік таулы әуеайлақтарда пайдалануға арналған. Оның ең жоғарғы жылдамдығы 490 км/сағ, ұшу қашықтығы – 2 420 км, сыйымдылығы – 40 жолаушы.

Похожие материалы