Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz — ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тамыз конференциясында балаларды алты жасқа толғаннан кейін бірден мамыр айында балабақшалардан шығармауға шақырды.
"Білім және ғылым министрлігі сапалы мектепке дейінгі білім беруге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады. Біз жаңа бағдарламаларға көшеміз. Бізде жас кезеңділігіне қарай өзгерістер болады. Бүгінде балаларды екі жастан бастап балабақшаға қабылдау маңызды", – деді министр.
Сонымен қатар, ол қазіргі таңда балаларды үш жастан бастап балабақшаға қабылдайтынын атап өтті.
"Бірақ бүгінде алты жасар балалардың көпшілігі мектепке барады. Сондықтан біз екі жастан бастап балабақшаға қабылдау мәселесін көтеруіміз керек. Балаларды балабақшаға қабылдау кестесін қайта қарау керек. Сонымен қатар, бүгінгі таңда 6 жастан асқан балалар мамыр айында балабақшалардан босатылады. Бұл тәжірибені тоқтату керек. Балабақшаларға бару уақытын тамыз айына дейін ұзарту қажет. Соңғы айларды мектепалды дайындыққа арнау керек. Біз арнайы бағдарламаны дайындаймыз", – деді Асхат Аймағамбетов.