Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда бензин бағасы бекітілді

Қазақстанда бензин бағасы бекітілді

Алматы. 15 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда мұнай өнімдерінің шекті бағалары бекітілді, деп хабарлайды 7kun.kz.

2022 жылғы 14 шілдеде ҚР Энергетика министрлігінің мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту, сондай-ақ мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрықтары күшіне енді.

«Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында АИ-92 және АИ-93 маркалы бензиннің шекті бағасы литріне 187 теңге болды, Қазақстанның басқа өңірлерінде баға бұрынғы деңгейде – литрі 182 теңге болып қалады», – делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Министрліктің хабарлауынша, екі бағыттағы бағаны түзету логистикалық шығындармен байланысты, бұл бөлшек сауда орындарының мұнай өнімдерін шығаратын зауыттардан шалғай орналасуына байланысты.

«Сондай-ақ АИ-95 маркалы бензинге бағаны мемлекеттік реттеу мұнай өнімдерінің тізімінен алынып тасталды, өйткені АИ-95+ және одан жоғары бензинді өндіру қымбат импорттық қоспаларды және жоғары октанды бензин компоненттерін көбірек тұтынуды талап етеді. Импорттық қоспалардың бағасы мұнай бағасымен және валюта бағамымен сәйкес келеді», – делінген хабарламада.

Бұйрыққа сәйкес, дизель отынының шекті бағасы Қазақстанның барлық өңірінде бұрынғы деңгейде сақталады: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында бензин бағасы литріне 260 теңге болса, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында – литрі 230 теңге болды.

Бұйрық 180 күнтізбелік күн бойы күшінде болады.

Похожие материалы