
Алматы. 17 маусым. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-наурыз қорытындысы бойынша Қазақстан бензин сұранысының 98,2% және дизел отынының 93,1% өзі қамтамасыз етіп отыр, - деп хабарлайды Energyprom.kz.
Өндіріс қарқынын жоғарылатып, импортты алмастыру саясатының арқасында елімізге импортталатын бензин мөлшері бір жылда 94%-ға төмендеген. Ал, экспорт 11,2 есеге жоғарылаған.
Ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанда 1,2 млн тонна бензин өндірілген, оның ішінде авиациялық жанармай өткен жылғыдан 9% артық. Сонымен қатар, 1,6 млн тонна дизель отыны өндірілген.
Өндірістің басым бөлігі Павлодар облысында атқарылған. Павлодар мұнай өңдеу зауытында бензиннің 38,6%-ы, дизель отынының 41,4%-ы осында шығарылған.
Ал, Шымкент МӨЗ-і бензиннің 35,6%-ын, дизель отынының 25,3%-ын өндірген. Атырау облысы бензиннің 24,6%-ын және дизельдің 29,3%-ын қамтамасыз еткен.