Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда бес айда 626 млрд теңгенің азық-түлік өнімі өндірілді

Қазақстанда бес айда 626 млрд теңгенің азық-түлік өнімі өндірілді

Алматы. 17 шілде. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында азық-түлік өнеркәсібі саласында өнім шығару құны 812,4 млрд теңгені құрады. Бұл ретте өңдеуші өнеркәсіптегі саланың үлесі 19,4%-дан 19,1%-ға дейін, ал бүкіл өнеркәсіптен - 7,2%-дан 6,9%-ға дейін қысқарды. Мұндай деректерді energyprom.kz ұсынды.

Азық-түлік қоймасындағы басым үлес тамақ өнімдеріне тиесілі: 77% немесе 625,8 млрд теңге, өнеркәсіптік өндіріс индексі 101,2%-ды құрады. Екінші орында - сусын өндірісі: 118,9% индексімен 154,4 млрд теңге. Темекі өнімдерінің өндірісі өткен жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда қысқарды және 32,2 млрд теңгені құрады, индексі — 89,6%.

Салыстыру үшін: өнеркәсіп өндірісінің индексі жалпы өнеркәсіпте 102%-ды, өңдеу өнеркәсібінде - 103,6%-ды құрады.

Азық-түлік өнімдері өндірісінің жартысынан астамы ұн тарту өнеркәсібі, крахмалдар мен крахмал өнімдері сегментіне тиесілі: 118,7 млрд теңге, өнеркәсіп өндірісінің индексі - 103,1%.

Сүт өнімдерінің өндірісі (102% индексімен 107,5 млрд теңге), сондай-ақ етті қайта өңдеу, консервілеу және ет өнімдерінің өндірісі (110% индексімен 102 млрд теңге) айтарлықтай көлемде қамтамасыз етілді.

Похожие материалы