Астана. 21 қыркүйек. 7kun.kz – Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда төлқұжат беруде парақтар санына қарай сараланған мемлекеттік баж салығын енгізуді көздейтін заң жобасын мақұлдады. Сондай-ақ, балалар төлқұжаты үшін мемлекеттік баж салығын екі есеге төмендету көзделіп отыр, деп хабарлайды 7kun.kz.
Төлқұжат бергені үшін мемлекеттік баждың сараланған мөлшерін белгілеу ұсынылады:
- 22 бет – 4 АЕК (1 АЕК үшін 3 063 теңгеден 12 252 теңге);
- 36 бет – 8 АЕК (24 504 теңге);
- 48 бет – 12 АЕК (36 756 теңге).
Қазіргі уақытта бірыңғай мөлшерлеме қолданылады-8 АЕК (24 504 теңге). 16 жасқа дейінгі балаларға төлқұжат бергені үшін мемлекеттік баж мөлшерлемесі 8 АЕК-тен (24 504 теңге) 4 АЕК-ке (12 252 теңге) дейін төмендейді.