Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда бір айда 20 миллионға жуық кибершабуыл жасалған

Қазақстанда бір айда 20 миллионға жуық кибершабуыл жасалған

Астана. 7 қазан. 7kun.kz – Бір айда 20 миллионға жуық кибершабуыл жасалған. Бұл туралы «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ хабарлайды.

«Елімізде болып жатқан кибершабуылдарға тойтарыс беру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда қауіптерді азайту үшін барлық желілік трафикті талдау және әрбір пакетті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Киберқалқан зиянды трафик пен зиянды бағдарламаларды сүзу арқылы ішкі және сыртқы периметрлік шабуылдарға төтеп беруде. Бір айдың ішінде 20 миллионға жуық кибершабуылға тойтарыс берілді», – делінген хабарламада.

Ұйымның пайымдауынша, елдің қауіпсіздік жүйесіне кибершабуылдардың үдеуі Қазақстандағы сайлау кезеңінің басталуымен байланысты болуы мүмкін.

DDoS шабуылдары үшін бүкіл әлем бойынша таралатын ботнет деп аталатын вирус жұққан компьютерлер мен IoT құрылғыларының желілері қолданылған. Қазір Cybershield күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Еске салайық, Мемлеккет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен аптада Қазнетке бірнеше күн бойы кибершабуыл жасалғанын айтқан еді.

Айта кетейік, DDoS шабуылы – бұл белгілі бір интернет-ресурсқа немесе интернет сегментіне ретсіз сұраныстар түріндегі арнайы бағытталған қуатты трафик ағыны. Шабуыл нәтижесінде Интернетке қол жеткізу қиындайды немесе ол мүлдем жұмысын тоқтатады.

Похожие материалы